18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №338 

224 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2016 жылғы 7 маусымАстана, Үкімет Үйі «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналды­рылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларында: 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбында мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүлікті беру уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»; мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын: «19-1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинаждалған алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады. 19-2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынық­тары мен қалдықтарын аффинаждалған алтын құймалары етіп аффинаждалған беру және олар­ды аффи­наждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқын­дайды. Аффинаждалған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады.»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Сапасы мен қауіпсіздігіне нормативтік құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық- эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін, акциздік таңбаларсыз өткізілетін темекі бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекі бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргізуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетін тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда, комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ